BasNewsЖаңалықтар
Италияның Салерно қаласында қазақстандық студент қыз қайтыс болды
Италияның Салерно қаласында қазақстандық студент қыз қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 17 қаңтарда Салернода болған. Қаладағы университете білім алған 27 жастағы докторант көшеден өтіп бара жатқанда қайғылы жағдайға ұшыраған. 20 жастағы жүргізуші мінген Peugeot 308 көлігі марқұмды жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткені белгілі болды. Жол апаты Станислао Листа көшесіндегі, Джузеппе Верди опера театрының маңында болған көрінеді.
L’Occhio di Salerno италиялық басылымы 20 жастағы жүргізуші жігіт бірден тоқтап, қажет медициналық көмек көрсеткенін жазды. Өкінішке қарай Қызыл крест пен Humanitas өкілдері қазақстандық студенттің бірден қайтыс болғанын анықтаған. Жүргізуші жігіт жүргізіп жатыр.