BasNewsЖаңалықтар

Ақмола облысында әйел жаңа туған нәрестесін пешке жағып жіберген

Ақмола облысының Бұланды ауданында қайғылы оқиға орын алды. 32 жастағы Макинск ауылының тұрғыны түсік тастап, өлі шақалақты үйіндегі пешке салып өртеп жіберген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Әйел адам жүктіліктің 24-ші аптасында болған. Кезекті рет акушер-гинекологқа тексерілуге келгенде оның бірнеше күн бұрын үйде босанып қалғаны белгілі болды.

Түсіктен соң бала тіршілік белгісін танытпаған, анасы оның тірі емес екендігіне сенімді болғандықтан, үйдегі пешке салып өзі өртеп жіберген. 26 қаңтарда аудандық аурухананың дәрігері Бұланды аудандық ПБ-ның кезекші бөліміне аталған жайтты хабарлады.

«Түсіктен кейінгі шақалықты анасының өлтіруі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады полициядан.

«Тергеу амалдары ҚР ҚК 100-бабы, яғни «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша қолға алынды, – деп нақтылайды полиция.

Back to top button