Түркістан облысы

7 партия Мәжілістің 69 мандаты үшін саяси додаға түседі

7 партия Мәжілістің 69 мандаты үшін саяси додаға түседі.

«Тіркелген барлық 7 саяси партия Парламент Мәжілісінің 69 мандаты үшін саяси додаға қатысатын болады. Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың тізімдерінде «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген 30 пайыздық квота толығымен ескерілді», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бүгін комиссия отырысында.

Оның дерегінше, Мәжіліс депутаты сайлауында 29 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 609 кандидат ұсынылған.

«Жалпы республика бойынша әр сайлау округіне орташа бәсекелестік 21 кандидатты құрайды. Ең жоғарғы бәсекелестік Астана қаласының 2 сайлау округінің әрқайсысы бойынша 63 кандидаттан. Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысының сайлау округі бойынша 6 адам бір мандатқа», – деді комиссия төрағасы.

Back to top button