Сайлау-2023: Әлеуметтік желілерде қоғамдық пікірге заңсыз сауал салуды жүргізу
Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС ТІРКЕЛГЕН, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша КЕМІНДЕ БЕС ЖЫЛ ТӘЖІРИБЕСІ бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫН ЖАЗБАША ТҮРДЕ АЛДЫН АЛА ХАБАРДАР ЕТЕ ОТЫРЫП ЖҮРГІЗУГЕ ҚҰҚЫЛЫ.
Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.
Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейдi.
Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады. («ҚР Сайлау туралы» КЗ 28-бабының 9-тармағы)