Түркістан облысы

Түркістанға ерекше мәртебе беру бағытында жұмыстар жүргізілуде

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына сапарында Түркістанға рухани және тарихи елорда мәртебесін беру туралы Үкіметке шешім қабылдауды тапсырды.

Осыған орай облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы зерделеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмысшы тобы құрылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев жетекшілік етеді.

«Мемлекет басшысының Түркістанға ерекше мәртебе беру тапсырмасына байланысты жұмыстар басталып кетті. Бұл жұмыстар облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында. Арнайы жұмысшы топ құрылып, оның құрамына өздеріңіз еніп отырсыздар. Мемлекеттік орган өкілдері жұмысты үйлестіргенімен, біз бұл аса маңызды бастаманы жүзеге асырарда әрбір ұсынысты назарда ұстауымыз керек. Өйткені әр саланың өз мамандары, зерттеушілері бар. Түркістанға ерекше мәртебе беру бастамасы – тарихи шаһар үшін өте маңызды.»

Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қорғау, «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру» заңнамасына ұсыныстар жинақтау жөніндегі бастапқы қадамдар да сараланды. Жұмысшы топ жинақталған ұсыныстар жүйеленіп, сол бойынша жұмыс жүргізіледі.

Back to top button