Түркістан облысы

Сайлау-2023: Үміткерлерді тіркеу басталды

Сайлау науқанына қатысуға ниет білдірген саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырып жатыр.

«Ауыл» партиясы Мәжіліс сайлауына 25 кандидат ұсынып отыр.

Сондай-ақ бұған дейін орталық «Қазақстан Халық партиясы», «Ақ жол», «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» және «Байтақ» партияларының құжатын қабылдаған еді. «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашевтің айтуынша, партиядан партиялық тізім бойынша – 54, бір мандаттық округ бойынша 24 кандидат ұсынылған.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» атынан құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына партияның саяси бірлестігі орталық аппаратының жетекшісі Талғат Омаров тапсырды.

Ал «Байтақ» жасылдар партиясының үміткерлер тізімін ұйым төрағасы Азаматхан Әміртай тапсырды. Мәжіліс сайлауына кандидаттардың 18-і – партиялық тізім, төртеуі бір мандатты округтер бойынша қатысады.

«Байтақтың» саяси бірлестік ретінде құрылғанына екі ай ғана болғанымен, «жасылдар» 2015 жылдан бері белсенді жұмыс істеп келеді.

Back to top button