BasNewsЖаңалықтар

БҚО-да суға кеткен 73 үйде су сору жұмыстары аяқталды

Батыс Қазақстан облысында суға кеткен 73 үйде су сору жұмыстары ақяталды. Тұрғындар біртіндеп баспанасына оралып жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ал Деркөл, Өлеңті, Шыңғырлау және Шежін өзендерінде су деңгейі көтіріліп, арнасынан шықты. Мамандар су мөлшерін екі сағат сайын тексеріп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Жайық өзеніне жоғарыдан мол су түседі деп болжанып отыр. Қазірдің өзінде арна деңгейі былтырғы меже төрт метрге жеткен.

Бұдан екі есе көп су келсе, 20 мың тұрғыны бар саяжай аумақтарына қауіп төнуі мүмкін. Бұл туралы тұрғындарға ескертіліп, Орал қаласында 27 эвакуациялық пункт дайындалды.

Back to top button