Түркістан облысы
Түркістан: Бір сағатта үш мыңнан астам адам таңдау жасап үлгерді
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау күні.
Түркістан қаласында 62 сайлау учаскесі жұмысын бастап, таңғы 07:00-ден сайлаушыларды қабылдауда.
Комиссияның мәлімдеуінше, алғашқы сағатта 3000-нан астам түркістандық өз таңдауын жасап үлгерген.
Жалпы Түркістан қаласында дауыс беру құқығына ие 121 405 тұрғын бар.
Алғашқы дауыс беруші белсенді азаматтарға сайлау учаскелерінде сый-сияпат жасалып, мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды.