Түркістан: Шардарада жедел жәрдем қызметшілері дауыс берді
Бүгін аудан аумағындағы 33 сайлау учаскелерінде еліміздің әнұраны шырқалып, ресми түрде өз жұмысын бастады. Шардара қаласындағы №851 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып, жедел жәрдем қызметшілері өз таңдауын жүргізді.
«Осындай саяси науқаннан қалыс қалмай өз таңдауымызды жасадық. Бұл ең алдымен ел болашағын айқындайтын басты кезең. Сондықтан әділ сайлауға, әділ дауыс беріп, өз үлесімізді қостық»,- дейді жедел жәрдем қызметшілері.
Осы орайда сайлау учаскесінде алғашқы болып дауыс беруге келген барлық сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Аудандағы сайлау учаскелері интернет, байланыс телефоны, бақылау камералармен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқада құрал жабдықтармен толық қамтылған.
Айта кетейік, сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.