Алматы облысында тас жолда болған жол апатынан бес адам қаза тапты
Алматы облысында тас жолда болған жол апатынан бес адам қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазады.
«1 сәуір сағат 08:00 шамасында Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі, Ұйғыр ауданының 43 жастағы тұрғыны Алматы-Көкпек – Көктал автожолының 196 шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1964 жылғы Б. есімді азаматтың басқаруындағы Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы, сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», – делінген сенбі күні тараған ақпаратта.
Әртүрлі дене жарақаттары бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан Орталық аудандық ауруханаға жатқызылғаны айтылады.
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ ауданының СДТБТ-да тіркелген.
«Қазір қажетті сараптамалық зерттеулерді тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп қосты полиция.