BasNewsЖаңалықтар

Атырауда әйел 15 жыл бұрын сатылған көлігі үшін салық төлеп келген

Атыраулық 15 жылдан бері сатқан көлігінің салығы мен айыппұлын төлеп келген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, Атырау қаласынының 1966 жылы туған тұрғыны өз меншігіндегі ГАЗель автокөлігін 2008 жылы сатып жіберген. Осы уақыттан бері ол автокөліктің барлық салығы, айыппұлын төлеп келген.

«Соңғы 5 жылда ГАЗель автокөлігін іздеп, 2022 жылы Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Мажитовтың қабылдауында болған. Автокөліктің Алматы облысы Қаскелең қаласында жүргендігі анықталып, қазіргі иесі табылды. Қала тұрғыны автокөлікті тіркеуден шығарды. Қазіргі иесі осы жылдың 20 наурызы күні автокөліктің 800 мың теңге көлеміндегі салықтары мен айыппұлдарын өтеуге келіскен», – делінген хабарламада.

Back to top button