BasNewsЖаңалықтар
Өткен тәулікте 29 адам коронавирус жұқтырған
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 29 жаңа жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
10 сәуірдегі жағдай бойынша 1 911 адам (-1 733+ және 178 КВИ-) КВИ емдеуді жалғастыруда, оның ішінде 178 науқас стационарда, 1 733 адам амбулаторлық емделуде.
КВИ+ және КВИ- жағдайларының ішінде:
• жағдайы ауыр – 3 науқас,
• аса ауыр жағдайында – 0,
• жасанды тыныс алу аппаратында – 0.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда бір тәулікте Ковид-19 инфекциясын жұқтырудың 50 жағдайы анықталған.