Павлодарда көпқабатты үйдің құлаған қасбеті видеоға түсті
Назарбаев даңғылы, 233 бойындағы көп қабатты тұрғын үй төрт жыл бұрын қолданысқа енгізілген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі @Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.
Аталған үй тұрғынының айтуынша, отбасы екінші қабаттағы пәтерге 2017 жылдың желтоқсанында кірген. Бірақ төрт жылдан кейін проблемалар басталған.
– Биыл қыста менің ұлым төртінші кіреберіс жақтан үйдің соңынан өтіп бара жатқан болатын. Дәл жанынан кірпіш құлады. Сәл болғанда бала мүгедек болып қалуы немесе өліп кетуі мүмкін еді. Сол маңда Донецк көшесі, 4, 6 мекенжайы бойынша тұратын адамдар жүреді. Кірпіш үйдің жоғарғы қабатынан құлаған, – дейді қала тұрғыны.
Оның айтуынша, осы жағдайдан кейін ғимараттың бірінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейін ені екі метрге жуық қаптамасының бір бөлігін алынып тастаған.
Pavlodarnews.kz АА жолдаған сауал хатына Павлодар әкімдігінде тұрғын үй «Қазақстандық ипотекалық компанияның» балансында тұрғанын хабарлады. Қаптау жұмыстарының сапасына құрылыс салушы «Шаңырақ-14» ЖШС жауапты.
– Сәулет бөлімі 2023 жылғы 10 сәуірде аталған факті бойынша облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хат жолдады, – деді қалалық әкімдікте.
Құжатта аккредиттелген ұйымдарды тарта отырып, ғимараттың сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізу қажет екендігі көрсетілген. Бөлімде зерттеу нәтижелері мен қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуы туралы кейінірек хабарлауға уәде берді.