BasNewsЖаңалықтар

Пхеньян баллистикалық зымыран сынады

Жапония билігі Солтүстік Кореядан белгісіз зымыран ұшырылғаны белгілі болғаннан кейін Хоккайдо аралының тұрғындарын шұғыл эвакуациялау жөнінде хабарлама жіберді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

13 сәуірде таңертең Солтүстік Кореядан белгісіз зымыран ұшырылғаны туралы ақпарат тараған оң Жапония билігі шұғыл эвакуация жөнінде хабарлай бастады. РИА Новости басылымы Жапонияда орналасқан агенттіктің тілшісіне сигнал телефон арқылы келгенін жазды.

«Шұғыл эвакуация. Шұғыл эвакуация. Шұғыл түрде бөлменің ішіне немесе жертөлеге эвакуацияланыңыз. Сағат 8.00-де Хоккайдо аралының маңындағы теңізге  зымыран түседі. Шұғыл түрде эвакуацияланыңыз!» – делінген хабарламада.

Жапон әскери қызметкерлерінің айтуынша, зымыран Жапонияға қарай ұшырылған болуы мүмкін. Баллистикалық нысанның соққы беру аймағына Хоккайдо аралы кіреді.

Кейінірек зымыран Жапон теңізіне құлағаны белгілі болды. Ұшырылған нысан Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс жерге құлады.

Back to top button