BasNewsЖаңалықтар

Доллар бағамы 450 теңгеге дейін көтерілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 0,22 теңгеге көтеріліп, 450,25 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 14 сәуірдегі ресми бағамы – 449,86 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 448,96 теңге, сату – 452,61 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 449,74 теңгеден сатып алынып, 453,89 теңгеден сатылып жатыр.

Back to top button