BasNewsЖаңалықтар
Түркістан облысында қызды өлтірді деген күдікпен 11-сынып оқушысы ұсталды
Түркістан облысының полицейлері 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, күдікті – 11 сынып оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынған.
Бұған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.