BasNewsЖаңалықтар
Жетісу облысында полиция ер адамның өліміне иттің қатысы бар екенін тексеруде
Жаркент қаласында ер адамның мәйіті табылды. Оның өліміне иттің қатысы бар-жоғын тексеріліп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңертең көшелердің бірінде 54 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Ер адамның басында жануар салған жаралар анықталды.
«Жақын маңдағы жер үйде күшіктеген питбуль анықталды. Оның денесінде қан тәрізді қоңыр дақтар болды. Итті уақытша ұйықтатып тастады. Ер адамның ажалы шынымен де ит қапқаннан кейін болған-болмағаны қазіргі уақытта анықталып жатыр», – дейді полицейлер.
Оқиға орнында Панфилов аудандық полициясының жедел-тергеу тобы барды. Қажетті сараптамалар жүргізіледі.