BasNewsЖаңалықтар

Жапонияда премьер-министр сөз сөйлеген жерде жарылыс болды

Жапонияда Вакаямадағы Сайгасаки балық аулау портында премьер-министр Фумио Кишида сөз сөйлейтін жердің жанында қатты жарылыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі NHK порталына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы оқиға орнынан шұғыл эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ.

Asahi телеарнасының хабарлауынша, құқық қорғау органдары оқиға орнынан күдікті ер адамды тұтқындаған. Оқиға куәгерлері жақын жердегі күріш алқабына цилиндр түріндегі күміс заттың лақтырылғанын содан кейін жарылыс болып, кейіннен түтін шыққанын айтады.

Бұл кезде Кишида сөзін аяқтаған. Оқиғадан кейін оны көлікпен алып кетті.

Кейінірек БАҚ Кисиданың сонда да 15 сәуірде түстен кейін төтенше жағдай орын алған Вакаямада тағы да сөз сөйлеуге шығатынын хабарлады.

Бұған дейін осындай жағдай 2022 жылдың 8 шілдесінде Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ Нара қаласында Либералдық-демократиялық партияны қолдап сөз сөйлеген кезінде болған еді. Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің бұрынғы теңізшісі, 42 жастағы Тецуя Ямагами оған екі рет оқ атып, Абэ кеуде мен мойыннан ауыр жарақат алды.

Back to top button