Жаңалықтар

Алименттік өндірістер санатындағы істермен айналысатын 5 жеке сот орындаушыларынан құралған арнайы кеңсе ашылды

Шымкентте өткен жылы алимент өндіру талаптары бойынша сот орындаушыларда 15 493 іс орындауда болып, 2 717-сі бойынша өндірістер аяқталған, биылғы жылға 12 776 құжат өткен.

Айта кетерлігі, осы санаттағы істермен айналысатын 5 жеке сот орындаушыларынан құралған арнайы кеңсе ашылған. Алименттік өндірістердің көбісі қазіргі таңда осы кеңседе жүргізілуде.

Орындау барысындағы істердің ішінен 50%, яғни, 6 375 құжат бойынша алимент борышкерлердің айлық жалақысынан ұсталып жатыр. Сонымен қатар, үш айдан асатын мерзім ішінде өндірілмей жатқан «проблемалы» алименттік өндірістердің саны 619. Олар бойынша жалпы 992 442 251 теңгеге қарыз қалыптасқан.

Осы төлемдердің ұзақ мерзімде өндірілмеудің негізгі себептерінің бірі  – борышкердің тұрғылықты мекенжайының анықталмауы, яғни, борышкерлердің іздеуде болуы.

Сот орындаушылардың қаулыларына сәйкес 430 алимент  борышкерлеріне қатысты іздеу жарияланып, істер уақытша тоқатылған. Сонымен қатар, жалпы сот орындаушыларының істері бойынша 735 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның ішінде алимент төлеу міндеттерін орындамаған – 239 азамат. Алимент бойынша 93 борышкерге қатысты 5 тәулікке дейін қамаққа алу, 146-ға – 5 АЕК мөлшерінде (15 315 теңге) айппұл салынды.

Сот орындаушылары мен жұмыспен қамту орталығының бірлескен шаралары нәтижесінде 36 алимент төлеуші жұмысқа орналастырылып, алиментті жалақаларынан өндіруге мүмкіндік пайда болған. Өкінішке орай, кейбір азаматтар ұсынылған жұмысқа тұрмай, алиментті төлеуден жалтаруды жалғастырған фактілері де орын алған. Осы орайда, сот орындаушыларының өндіріп алушылардың өтініштерімен полиция органдарына жолдаған материалдары бойынша жалпы 17 қылмыстық іс сотқа өтіп, 12-не қатысты айыптау үкімдері шыққан.

Алимент бойынша әрекетсіздік танытып, заңнамамен белгіленген мәжбүрлеп өндіру амалдарын уақытылы қолданбайтын сот орындаушыларына қатысты да жауапкершілік күшейтілгендігін ескеру қажет. Атап айтқанда, егер жеке сот орындаушысы бір ай ішінде заңда белгіленген тәртіппен істердің әлеуметтік маңызы бар санаты (оның ішінде алимент өндіру санаты) бойынша мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамаған жағдайда әділет органдарының талап арызы негізінде лицензиясынан айырылуға жатады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button