Жаңалықтар

Шымкент қаласының прокуратурасы кез келген оңай ақша табу жарнамаларына алданбауды, түсініксіз жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу керектігін ескертеді

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ КЕЗ КЕЛГЕН ОҢАЙ АҚША ТАБУ ЖАРНАМАЛАРЫНА АЛДАНБАУДЫ, ТҮСІНІКСІЗ ЖАҒДАЙДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА ХАБАРЛАСУ КЕРЕКТІГІН ЕСКЕРТЕДІ

Қала прокуратурасы тіркелген істерді зерделеу нәтижесінде кейбір адамдардың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып халықты алдап жүргендігі анықталды. Егер өткен жылы қайтарымсыз грант және атаулы әлеуметтік көмек алу мемлекеттік бағдарламасы мәселелерімен 273 адам алаяқтардың құрбаны болса, биыл мұндай фактілердің 30-ы тіркеліп отыр.

Барлық істер ашылды, биылғы жылы 2 іс сотта қаралуда.  Тіркелген істермен жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде.  Интернет алаяқтығының көпшілігі «Инстаграм, Колеса, ОЛХ, Крыша» әлеуметтік парақшалары мен «Каспи», «Еуразия», «Халық» интернет банкингтерін қолдану арқылы жасалынған. Мұндай жағдайда азаматтар кез келген оңай ақша табу жарнамаларына алданбауды, түсініксіз жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу арқылы тексеруді және барлық жарнамаларға, әсіресе өздерін Банк қызметкеріміз деп таныстырғандарға  күмәнмен қарауы керек.

Қала прокуратурасы алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу, жолын кесу, ашу  бағытында жергілікті құқық қорғау мен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлескен жобаны іске асыруда. Өткен жылдың қорытындысымен алаяқтық қылмыстары қаламызда өскенімен (2%, 4007/4100) жобаны қолға алғалы бұл қылмыстардың тіркелу көрсеткіші 43% төмендеп отыр (628/356), оның ішінде интернет-алаяқтығы 73% (210/57) азайды.  Мұндай оңды жетістіктерге қол жеткізу үшін бірқатар жұмыстарды атқардық. Әсіресе халық арасында жүргізілген түсіндірме жұмыстары өзінің оңды нәтижесін беріп отыр.

Қазіргі таңда бірқатар жергілікті теледидарлардан қала прокуратурасы тарапынан дайындалған бейнероликтер көрсетілуде (Отырар ТВ, Қазақстан-Шымкент). Сонымен бірге, қоғамдық көліктер мен қоғамдық жерлерде де алаяқтардан сақ болу жөнінде роликтер жариялануда. Ендігі кезде, осы жоба аясында өткен жылғы орын алған алаяқтықтар толық зерделеніп, қала тұрғындарының алаяқтықтың көп тараған түрі – интернет алаяқтығынан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар алу барысында да алданып, алаяқтардың құрбанына айналып жатқаны аз емес екенін байқап отырмыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button