Жаңалықтар

Алаяқтық қылмыстарымен күрес шараларын нәтижесінде қаламызда қылмыстардың тіркелу көрсеткіші төмендеді

АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫН НӘТИЖЕСІНДЕ ҚАЛАМЫЗДА ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТІРКЕЛУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕДІ

Президент айтқандай қылмыспен күрес шаралары Шымкент қаласында да жоғары деңгейде атқарылып келеді. Мемлекет басшысының  Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы. Мұндай жоба Шымкент қаласында да жүзеге асырылып келеді және шаһарда «Қауіпсіз қала» жобасы аясында қолға алынған жұмыстар  нәтижесіз емес. Бұл бағытта, әсіресе, шымкенттік полиция қызметкерлеріне жүктелген жауапкершілік аса зор. Себебі қауіпсіздік туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, қаланың тыныштығы мен қоғамдық тәртібін қадағалап жүрген тәртіп сақшыларына арқа сүйейтініміз анық.

Интернет арқылы елдің есін шығаратын алаяқтардың әрекеттеріне тосқауыл қою бойынша түрлі жұмыстар атқарылып жатыр. Әйтсе де, халық сауатты болмайынша алаяқтардың ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып қала бере ме деген қауіп те жоқ емес.

Қала прокуратурасы жергілікті қылмыстық қудалау мен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасын іске асыруда.

Алаяқтық қылмыстарымен күрес шараларын нәтижесінде а.ж. өткен мерзімінде қаламызда бұл қылмыстардың тіркелу көрсеткіші 43% төмендеді (628/356), оның ішінде интернет-алаяқтығы 73% (210/57) азайды.

Алаяқтық қылмысымен күрес тобының жедел әрекет етуінен, бұл қылмыстарды ашу көрсеткіші 65%-ке (221/365) артса, оның ішінде интернет алаяқтығының ашылуы тіпті 600%-тен асты (8/59). Өзге істермен жедел іздестіру шаралары жан-жақты атқарылуда.

Қала прокуратурасы тіркелген істерді зерделеу нәтижесінде кейбір адамдардың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып халықты алдап жүргендігі анықталды. Егер өткен жылы қайтарымсыз грант және атаулы әлеуметтік көмек алу мемлекеттік бағдарламасы мәселелерімен 273 адам алаяқтардың құрбаны болса, биыл мұндай фактілердің 30-ы тіркеліп отыр. Барлық істер ашылды, биылғы жылы 2 іс сотта қаралуда. Тіркелген істермен жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Интернет алаяқтығының көпшілігі «Инстаграм, Колеса, ОЛХ, Крыша» әлеуметтік парақшалары мен «Каспи», «Еуразия», «Халық» интернет банкингтерін қолдану арқылы жасалатынын естеріңізге саламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button