BasNewsЖаңалықтар

«Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде 20 мың адам карантинге жабылды

Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешені толық карантинге жабылды,-деп хабарлайды BasNews.kz.

Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, кешеннің аумағын полицейлер қоршауға алған. Кезекшілікке әскерилер де жұмылдырылған. Карантинге жабылған аймаққа дезинфекция жұмыстары кешенді жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, тұрғындардың денсаулығын қадағалау үшін, арнайы дәрігерлік амбулатория қойылып, азық-түлік те арзан бағамен жеткізіледі.

Айта кетейік, «Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі 2 тұрғыннан коронавирус анықталды. Оның ішінде 1995 жылғы әйелдің аяғы ауыр. Бұған дейін індет бір тұрғыннан анықталған сәтте сол тұрғын тұратын үйдің подъезі карантинге жабылған еді.

Жалпы Алматы облысында коронавирусты 9 адам жұқтырған.

«Асыл арман» тұрғын үй кешенінде 21 үй, 5088 пәтер бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button