BasNewsЖаңалықтар
Доллар қымбаттап жатыр
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,04 теңгеге көтеріліп, 455,63 теңге болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де 66,06 теңге (+0,19) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 497,35 теңге, рубль бағамын 5,58 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 452-456 теңге, еуро 496-502 теңге, ресей рублі 5,45-5,65 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр.
20 сәуірде Brent маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстерінің бағасы 0,89% төмендеп, барреліне 82,38 доллар болды, WTI маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстерінің бағасы 0,98% төмендеп, 78,46 доллар болды.