BasNewsЖаңалықтар

Алматыда жүргізушілерге құрма таратып жүрген баланы көлік қағып кетті

Алматыда 16 жасар жасөспірімді көлік қағып, өлім құшты. Ол кешкі мезгілде көшеде ауызашарға деп құрма мен су таратып жүрген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға 18 сәуір Абай даңғылында болды. Кешкі сағат 19:30 шамасында көшеде ауызашарға деп құрма мен су таратқан жасөспірімді Toyota Camry маркалі көлігі қаққан. 16 жастағы жасөспірім белгіленбеген жерден қарсы бағытқа жүгіріп өтпек болған.

“Жасөспірім түрлі дене жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Бірақ соққының ауырлығынан көз жұмды. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді”, –  делінген полиция ақпаратында.

Сонымен қатар сот сараптамалық тексеру тағайындалған. Себебі әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша жасөспірім ауызашуға асыққан жүргізушілерге құрма мен су таратып жүрген.

Back to top button