Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, шаңды дауыл болады деп күтілуде
Қазгидромет 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік жартысында тұман, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең көктайғақ, күндіз солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста найзағай ойнайды.
Жетісу облысының басым бөлігінде 1-6 градусқа дейін, Жамбыл облысының таулы аймақтарында 1 градусқа дейін, Алматы облысында 1-3 градусқа дейін суық күтіледі.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен екпіні 1-6 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12 аяз, күндіз 6-8 жылы.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 12-14 градус жылы.
Шымкентте – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 21-23 градус жылы.