Түркістандық шаруа күмәнді дәріден соң 300-ден астам қойынан айырылды
Түркістан облысында ветеринардың дәрісінен кейін фермердің бір күнде үш жүзден астам қойы қырылған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Otyrar сайтына сілтеме жасап.
Түркістандық фермер Самат Қадыровтың малдарында диарея ауруы байқалған. Сол үшін ер адам ветеринарлық дәріханадан сатушының кеңесі бойынша дәрі-дәрмек сатып алыпты. Дәрі қабылдағаннан кейін жануарлар жаппай өле бастаған. 320 қой мен қошқар қырылған.
«Фармацевт ұнтақ дәрі арзан шығады деп айтты. Препаратты 10 литр суға ерітіп, малға 5-10 граммнан беру керек деді. Солай жасадым. Бірақ одан сайын жаман болып кетті. Кешкі сағат 10-нан кейін сұмдық жағдай орын алды. 320 мал өлді», – дейді фермер.
Қадыров миллион теңгеге шығын келгенін айтты. Ер адам ветеринарларға және полицияға жүгінді. Әзірге оған көмек көрсетілмеген.
Оқиғадан кейін фермерге көпшілігі бұл шошқаның дәрісі екенін айтқан.
Ветеринарлық дәріханада бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берілмеді. Зертханада өлекселерді зерттеген мамандар бірінші ветеринарға барып, содан кейін ғана дәрі-дәрмектер сатып алу керек дейді.
«Фермер бұл препаратты өз есебінен тәуелсіз зертханаға зерттеуге жібере алады. Біз өз тарапымыздан сараптамаға жібердік. Нәтиже тоғыз күнде дайын болады», – деп түсіндірді Түркістан облысының ветеринария қызметі бастығының орынбасары Алмет Оразбеков,
Фермер өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгінуге ниетті.