BasNewsЖаңалықтар

Түркістан облысында күдіктілер оқушы қызды қалай өлтіргенін айтты

Түркістан облысында 9-шы сынып оқушысын пышақтап, денесін суға тастаған қос күдікті қылмысты қалай жасағанын айтып берді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Төрткүл ауылындағы мектептің 11-ші сынып оқушысы мен оның 19 жастағы сыбайласы марқұм Аружан Орынбайға ұқсас қыздың жартылай жалаңаш фотосын интернеттен тауып алған.

Сол суретті бүкіл ауылға жаймас үшін Аружаннан ақша бопсаламақ болыпты. Бірақ екі арада жанжал шығып, олар 15 жасар оқушыны өз үйінің артында пышақтап тастаған. Ал денесін арыққа ағызып жіберген.

Олар қылмысты қалай жасағанын айтып, тергеушілерге оқиға орнын көрсетті.

«Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыс әрекетін қалай жасағанын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігімен «адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – деді Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Әбдірахманов.

Back to top button