Жаңалықтар

Шымкент: Үйлестіру кеңесінде алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу мәселелері талқыланды

Қала прокуратурасы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңеске қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы, жергілікті құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшыларымен қатар, қала әкімдігінің басқарма басшылары қатысты.

Кеңес төрағасы – Ғабит Мұқанов алаяқтықтың, оның ішінде интернет-алаяқтығының бүгінгі қоғамда күрделі мәселеге айналғанын, Республика аумағында қылмыстылық көрсеткіші соңғы 5 жылда 50%-ке азайғанымен, алаяқтықтардың саны керісінше 50%-ке, ал қаламызда 11%-ке артқанын, бұл жағдайдың қаламызға да тән екенін атап өтті.

Сөз соңында бұл үрдіспен тиімді күресу үшін прокуратура, құқық қорғау және мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдерінің қатысуымен жоба ұйымдастыруды ұсынды.

«Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасы халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттырады. Жобаның мақсаты алаяқтықтардың нақты орын алу себептерін анықтап, оны болдырмауға шара қолдану арқылы, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау екендігін түсіндірді. Үйлестіру кеңесінің мүшелері аталған жобаны бір ауыздан мақұлдады. Өз кезегінде қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобаның іске асырылуының нәтижесінде қаламыздағы алаяқтықтардың төмендеуімен қатар, халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын барынша артуына әсер етуге ықпал жасайтынын атап өтті.

Түзеу мекемелерінде сотталғандар арасындағы құқық бұзушылықтарды (оның ішінде қасақана) азайту бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру үшін қала прокуратурасы сотталғандардың бойында құқықтық тәртіпті, жеке адамға, қоғамға, еңбекке, қоғамды мінез-құлық нормаларына, ережелері мен әдептілік деңгейіне оң көзқарасты қалыптастыруға бағытталған «Сотталғандарды түзету – қауіпсіздік кепілі» жобасын іске асыруды ұсынды.

Бұл жобаның негізгі бағыты пенитенциарлық жүйе мекемелерінде сотталғандардың қоғамға оралғаннан кейін заңға бағынатын азамат болуына көмек беретін тиімді бағдарламалар құру және оларды осы бағдарламаларға белсенді қатыстыру болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button