BasNewsЖаңалықтар

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 25-27 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы тәуліктерде атмосфералық бөліктердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстік облыстарында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста, шығыста түнде жауын-шашын болады. Елдің қалған бөлігі батыс антициклонының ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Республика бойынша тұман күтіледі. Батыста және оңтүстік облыстарда жел күшейіп, күн күркіреп шаңды дауыл тұрады. Шығыста түнде көктайғақ, күндіз оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 23-30-ға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және елдің орталығында 20-27-ге дейін, шығыста 15-23-ке дейін, оңтүстікте 25-33-ке дейін, оңтүстік-шығыста 17-25-ке дейін жылынады», – делінген хабарламада.

Back to top button