BasNewsЖаңалықтар
Алматыда ҰҚК департаментінің бұрынғы бастығы 6 жылға сотталды
Алмалы аудандық сотының үкімімен ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің бұрынғы бастығы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі,
Сот үкімімен оған ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігімен 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры арнайы атағынан айырылды.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.