Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығына қала тұрғындары алғыс айтып, бейнежазба жолдаған

Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығына қала тұрғындары алғыс айтып, бейнежазба жолдаған. Онда полиция қызметкерінің жедел әрі сапалы қызметіне риза болып, тәртіп сақшыларының жұмыстарына сәттілік тілепті.
«Мен, Қолғанат Жаппарханов, дүкенімде тұрған ыдыстарымды ұрлап кеткені туралы арызданған болатынмын. Осы жайт бойынша Тұран АПБ тергеушісі полиция лейтенанты Әлинұр Боранбек жедел түрде әрекет етіп, қылмыстық істі ашып, ұрланған заттарымды қайтартып берді. Сол себепті, тәртіп сақшысына өз алғысымды білдіремін. Жұмысына табыс тілеймін!» – деп шынайы ризашылығын жеткізді.
«Мен, Көбей Дүйсенбиев, 2023 жылдың 14-сәуірінде байлаулы тұрған жылқым босанып кетіп, жоғалғаны туралы арызданған болатынмын. Осы жайт бойынша Қаратау АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры М. Оразов жедел түрде әрекет етіп, менің жоғалған атымды тауып, үйіме әкеп берді. Сол себепті, тәртіп сақшысына өз алғысымды білдіремін. Жұмысына табыс тілеймін!» – деп шынайы ризашылығын жеткізді.
«Мен, Ресей азаматшасымын, қоғамдық көлікте ұялы телефонымды ұрлатып алған едім. Тез арада әрекет еткен Абай АПБ қызметкерлері Мадина Алиева мен Анар Махсудова ұялы телефонымды тауып берді. Осы екі полиция қызметкерлеріне шексіз алғысымды білдіремін. Жұмыстарына табыс тілеймін!» – деп шынайы ризашылығын жеткізді.
«Мен, Айгүл Өсербаева, 2023 жылдың 16-наурызында пәтерімнен телевизорымды ұрлап әкеткені туралы арызданған болатынмын. Осы жайт бойынша Тұран АПБ қызметкерлері полиция капитаны Байымбет Досалы, полиция аға лейтенанты Ердәулет Ералиев және полиция лейтенанты Мұхамеджан Қадыркулов жедел түрде әрекет етіп, менің телевизорымды қайтартып берді. Сол себепті, тәртіп сақшыларына өз алғысымды білдіремін. Жұмыстарына табыс тілеймін!» – деп шынайы ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, тәртіп сақшылары құқықбұзушылықтарға қарсы тұрып, азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, әрдайым тұрғындарға заң шеңберінде қызмет көрсетіп, қоғамның тыныштығын сақтап келеді.



