BasNewsЖаңалықтар

Алматыдағы кинорумдардың бірінде 21 жастағы қызды топпен зорлаған

Алматы қаласындағы кинорумдардың бірінде 21 жастағы қыз топтық зорлау құрбаны болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға 2023 жылдың 13-14 мамырына қараған түні болды, бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды.

«Жас қыз танысымен бірге кинотеатрға барған, бірақ сол жерде ол топтық зорлаудың құрбаны болады. Оның айтуынша, осы мекеменің директоры зорлық әрекеттерден кейін оны бірден қорқыта бастаған. Полицияға арыздансаң интимдік суреттерің мен видеоларды интернетте таратамын деген. Қыз бұндай қысым мен қоқан-лоққыларға шыдай алмай, барға барып, бөтелке сындырып, өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан. Осыдан кейін үшеуі де қорқып қашып кеткен. Екеуі әлі қашып жүр. Біреуі кеше табылып, жауап алынып, босатылды. Тергеуші сараптама нәтижесін күтетінін айтты» делінген қор мәлімдемесінде.

Сондай-ақ оқиға орын алған кезде мекемеде қызметкерлердің болмаған, кассир жұмыс орнын тастап кеткен, бейнебақылау камераларының өшірілген. Ал қыз полицияға хабарласқаннан кейін құқық бұзушылардың туыстары одан арыздан бас тартуын сұраған.

Бұл жағдайға қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді. 2002 жылғы қыз өзінің зорлық әрекеттерге ұшырағанын растап, арыз жазған.

“Іс жүргізу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК 24-бабының талаптарын орындау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған.
Сонымен қатар, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат таратылмайды.  ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚІЖК 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда олардың кінәсі заңды күшіне енген сот үкімі белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі”, – делінген хабарламада.

Back to top button