BasNewsЖаңалықтар

Ақтауда белгісіз біреулер атыс шығарды

Ақтауда белгісіз біреулер атыс шығарды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

16 мамырда сағат 00:37 шамасында «102» кезекші пультіне 16 шағынауданда белгісіз тұлғаларға бірнеше рет оқ атылғаны туралы шақырту келіп түскен.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Ол жерден атыс гильзалары тәркіленді. Тексеру барысында Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ жарақатынан зардап шеккен адам қаралмағандығы анықталды», – делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелген. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Back to top button