Алматыда самокат жүргізушісі мотоциклге соғылып мерт болды
Алматыда самокат мен мотоцикл соқтығысып, салдарынан самокат тізгіндеген адам көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін түнде сағат 00:20 шамасында Бостандық ауданында болды.
Кім екені анықталып жатқан 18-25 жастағы жігіт электросамокатпен Сейфуллин даңғылының бойымен солтүстікке қарай келе жатқан.
Кейін солға – Политехническая көшесіне бұрыла бергенде Сейфулин даңғылының бойымен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан мотоциклға соғылды.
Салдарынан самокат жүргізушісі қайтыс болды, 1994 жылы туған мотоциклші қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.
«Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.Тиісті сараптамалар тағайындалды»,- деп хабарлады ведомстводан.