Түркістан: Кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде кедергілерге тап болған бизнес өкілдерінің құқықтары қорғалды
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке Түркістан қаласындағы «Қуаныш» орталық базарының бір топ кәсіпкерлері өздері сауда жасайтын дүкендері орналасқан жолдың бойындағы жол-патрульдік қызметімен қойылған «Аялдамаға тыйым салынады» белгісін басқа рұқсат етілген белгіге ауыстырып беру туралы шағыммен жүгінді.
Бір жылдан астам уақыт ішінде кәсіпкерлер өздерінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға, яғни, автокөліктерді дүкендерінің алдына қоя алмай, тауарларын сауда нүктелеріне дейін жеткізуде қиындықтарға тап болған.
Бизнес өкілдерінің шағымы негізінде, Кәсіпкерлер палатасының, қалалық прокуратураның, әкімдіктің, полиция мен кәсіпкерлердің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Нәтижесінде кәсіпкерлердің сауда нүктелеріне кедергі келтірмейтін «Кешкі сағат 20.00-ден таңғы 10.00-ге дейін» автотұрақ қоюға болатын қосымша белгі орнату туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта тиісті белгі орнатылып, бизнес өкілдерінің құқықтары қорғалды.
𝗖𝗮𝗹𝗹 𝗰𝗲𝗻𝘁𝗲𝗿 –𝟭𝟰𝟮𝟰