BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда кедейлік шегі өзгереді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 19 мамырдағы «Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы» бұйрықты бекітті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
2023 жылы 1 шілдеден бастап кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең.
2023 жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге. Тиісінше, кедейлік шегі 28 397 теңге болады.
Осылайша, бұл көрсеткіш қазіргі уақытта қолданыстағымен салыстырғанда өзгермейді.
Бірақ 2025 жылы 1 қаңтардан бастап кедейлік шегі орташа табыстың 50% мөлшерінде айқындалады.
Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі.