BasNewsЖаңалықтар

Атыраудағы орталық алаңда ер адамның мәйіті табылды

4 маусымда Атыраудағы Исатай-Махамбет алаңында қарт ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша мәйітте зорлық белгілері жоқ, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Атырау тұрғындары жексенбі күні таңертең полиция қызметкерлерінің алаңда жұмыс істеп жатқанын видеоға түсіріп алған. Ал жерде мәйіт жатқан.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі қарт ер адамның көз жұмғаны туралы ақпарат жергілікті уақытпен 11:38-де келіп түскенін мәлімдеді.

«Өлім себебі денсаулық жағдайына байланысты болуы мүмкін, себебі денеде жарақаттар жоқ», – делінген хабарламада.

Кейін белгілі болғандай марқұм бұл аймақта құрылыс жұмыстарымен шұғылданатын компанияда жұмыс істеген. Өзге деректер жария етілмеді.

Back to top button