BasNewsЖаңалықтар
Министр 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қанша адам алғанын айтты
Төтенше жағдайға бйланысты табысынан айырылған азаматтарға берілетін 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны бүгінге дейін 60 мыңнан астам қазақстандық алған. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды Basnews.kz.
Оның айтуынша, қазіргі таңда 450 мың тұрғын 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алу бойынша өтініш берген.
«70 мың азамат жәрдемақыны төленетіні туралы SMS хабарлама алды. 60 мыңнан астам азаматтың банк картасына тиісті қаражат түсті», – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 500-ге жетті. 35 науқас жазылды, 4 адам қайтыс болды.



