BasNewsЖаңалықтар

Түркістан облысында педофил сотталды

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жас балаларға азғындық жасау фактісі бойынша іс қаралды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға өткен жылдың қазан айында болған. Танысының үйіне барған сотталушы жәбірленушінің немерелері – 2012, 2014 және 2017 жылы туған балаларға азғындық әрекеттер жасап, нәпсісін қандырған.

Кешкі ас үстінде жәбірленушінің 2014 жылы туған немересі тамақтанудан бас тартып, тілі ауыратындығын айтқан. Содан соң анасы балалармен әңгімелесу арқылы оқиғаның мән жайын білген. Қасында болған екі қызы аталған оқиғаны растап, өздеріне де дәл осындай іс-әрекеттер жасалғанын айтқан.

Сот үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 4-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

«Сот оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу түріндегі жаза тағайындады. Сонымен қатар сотталушы психологиялық және педогогикалық тәрбиелеу құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта

Back to top button