BasNewsЖаңалықтар

Президент Абай облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Сапар барысында Президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады. Шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді және өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездеседі», – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты. Оның орнына Сырым Шәріпханов министр болып тағайындалды.

Back to top button