Түркістандық балуандар самбодан Азия және Мұхит аймағы чемпионатында 9 медаль олжалады
Астана қаласында самбодан Азия және Мұхит аймағы чемпионатында Түркістан облысының дарынды балуандары жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты. Өз шеберліктерін көрсеткен білекті жігіттер мен арулар 5 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Дүбірлі додада 64 келіде Д.Давлятов топ жарса, 98 келіде А.Темірбай күміспен күптелді. Ал +98 келіде С.Абдисамиұлы қола жүлдені қанағат тұтты.
Қыздар арасындағы жауынгерлік самбодан 50 келіде Ж.Пайыз бен 80 келіде Ұ.Әділова алтыннан алқа тақса, 59 келіде Г.Құдасбек күміс жүлдені иеленді. Сонымен қатар спорттық самбодан 50 келіде А.Ибрагимова және 80 келіде Н.Асанқызына тең келер қарсылас болмады. Олар жеңістің шыңын бағындырып, алтын жүлдені ел қоржынына салды. Бұл бәсекеде 72 келідегі аруымыз А.Қыдырәлі қола медалды қанағат етті.
Балуандарды Ә.Халилаев, М.Бейсембаева, Қ.Пазылбеков, С.Арығынбаев, Н.Танкеев және М.Бүгінбаев даярлады.