BasNewsЖаңалықтар

Алматыда курьерден тапанша мен оқтар тәркіленді

Алматыда полицейлер 44 жастағы курьерден ұрланған тапанша мен 17 оқ тәркіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі қалалық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, полицейлер мопедтке мінгескен екі ер адамды Талғар күре жолы бойындағы экологиялық бекетте тоқтатқан.

«1979 және 1982 жылы туған азаматтардың курьерлік сөмкелерін тексеру барысында Grand Power тапаншасы мен 17 әртүрлі оқ әшкереленіп, тәркіленді. Алдын ала тексеру барысында қару газды тапанша екені және травматикалық оқпен атылатыны анықталып, кейінірек қарудың ұрланғаны белгілі болды, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ільяс Өмірсеріков.

Бұл дерек сот алды тергеу тізіліміне ҚР ҚК-нің 287 бабы 2 тармағы бойынша тіркелді.

Ұсталған күдіктілердің біреуі бұрын да бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.

«Бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс барысында сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», – деді Ільяс Өмірсеріков.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

Back to top button