BasNewsЖаңалықтар
Елімізде коронавирус жұқтырған тағы бір адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген», – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұл – коронавирус індетінен болған алтынша өлім жағдайы. Бұған дейін қайтыс болғандар Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам, Ақмола облысында 2 адам, Қарағанды облысында 1 адам және Түркістан облысы 1 адам тіркелді.



