BasNewsЖаңалықтар

ҰҚК: Шымкентте екі адам әлеуметтік желі арқылы терроризм идеологиясын насихаттаған

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкентте екі азаматтың терроризм идеологиясын насихаттаған екі азаматтың сотталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты халықаралық террористік ұйымдардың ықпалына түскен 2 азаматты 7 жылға бас бостандығынан айырған.

“Тергеу барысында олардың әлеуметтік желілер арқылы терроризм идеологиясын насихаттағандары, сонымен қатар террористік тұрғыдан белсенді аймақтарға жету үшін шетелдік содырлармен байланыс орнатпақ болғандары анықталды”, – деді ҰҚК өкілдері.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше Атырау облысында терроризмді насихаттаған азаматқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енген. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

“Тергеу кезінде оның белсенді түрде дін ұстанушылар арасында радикалды идеологияны таратқаны және еліміздің азаматтарына қатысты зорлық іс-әрекеттер жасауға үгіттегені дәлелденді”, – делінген ақпаратта.

ҰҚК деректеріне сәйкес Қазақстанда 2023 жылдың басынан террористік сипаттағы қылмыстарды жасады деген күдікпен 31 тұрғын және 1 шетелдік ұсталған. Осы кезеңде сот органдары аталған фактілер бойынша тағы да 10 адамды әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырды.

Back to top button