BasNewsЖаңалықтар

Елімізде тағы 15 адам COVID-19 жұқтырды

Қазақстанда тағы 15 адам COVID-19 жұқтырды, – деп хабарлайды Basnews.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстандағы коронавирус бойынша 5 сәуірдің 22.05 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 адам тiркелдi, Алматы қаласында – 1, Ақтөбе облысында – 1 адам, Атырау облысында 6, Қызылорда облысында – 6 адам, Қарағанды облысында – 1 адам», – делінген хабарламада.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 116 адам, Қарағанды облысында – 32 адам, Ақмола облысында – 23 адам, Атырау облысы – 24 адам, Жамбыл облысында – 28 адам, Шымкент қаласында – 14 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 5 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 3 адам, Қызылорда облысында – 37 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 28 адам, Қостанай облысында – 1 адам, жалпы 584 науқас тіркелді.⠀

Айта кетейік, аурудан 42 адам айығып, 6 адам қайтыс болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button