2023 жылы 4 тұрғын үй кешеніне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды

2023 жылы Шымкент қаласы аумағында тұрғын үй кешендерінің құрылысын жүргізу барысында үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзу бойынша – 4 тұрғын үй кешендеріне қатысты 4 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік сотқа негізінен қарау үшін жолданды. Сот шешімдері негізінде әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды.
Олар: «Туран» ТК – «Kanfar Building» ЖШС;
«Отбасы» ТК – «Kanfar Building» ЖШС; «Qaratau» ТК – «Nomad Story Group» ЖШС; «Tolebi» ТК – «SDN Construcoin» ЖШС
Тұрғын үй салуға үлескерлердің ақша қаражатын заңсыз тарту мәселелері түсіндірілді. 2023 жылдың 4 мамырында Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 07 сәуірдегі №486-V «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының кейбір нормаларына сәйкес, Бірыңғай оператор («ҚТК» АҚ – «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ) және жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсатынсыз тұрғын үй кешендерін салу кезінде құрылыс ұйымдарымен үлескерлердің ақша қаражатын заңсыз тарту мәселесі, сондай-ақ құрылыс салушылардың салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілерінің пәтерлерін алдын ала сату, брондау мақсатында жарнамалық өнімдерді әлеуметтік желілерде орналастыру әрекеттері бойынша қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшылығымен үлестік құрылыс саласындағы заңнаманы бұзушыларға қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат беріледі.
Қазіргі уақытта үлестік құрылысқа қатысу қоғамдағы ең маңызды мәселе екендігін хабарлаймыз.
Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі №352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 2 сәуірдегі №178 бұйрығына сәйкес, «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.


