Жаңалықтар

Жыландар табылған жағдайда «112» құтқару қызметіне хабарласыңыз

Құрметті қала тұрғындары!

Мына ақпаратқа назар аударыңыздар!

Жыланмен кездескенде өзін қалай ұстау және жылан шаққаннан қалай аулақ болу керек.

Ең алдымен, анықтауға тырыспай, жыланнан 1,5 – 2 метрге алыстаңыз, бұл жағдайда ол адамға ұмтылуға асықпайды. Егер жылан шағып алған болса, алдымен адамды жатқызып, қозғалтпау керек.

Жарадан уды өз бетінше алып тастауға, тістеген жерді байлауға тырыспаңыз, өйткені бұл адамға теріс әсер етуі мүмкін. Антигистамин препараттарды, көп суды ішкізіп, адамды мүмкіндігінше тез ауруханаға жеткізіңіз.

Жеке меншік үйлердің аумағында жыландардың алдын алу туралы-үйдің айналасындағы жерлерді тазарту, іргетастағы жарықтарды герметизациялау. Жыландар табылған жағдайда «112» құтқару қызметіне хабарласыңыз.Начало формы

Шымкенттік құтқарушылар жыл басынан бері 42 рет жылан аулаға шығып, 31 шақырту бойынша жыланды аулап, қауіпсіз аймаққа шығарды.
Басым көпшілігі жыланды аулау мамыр айында орын алып, құтқарушылар 35 рет шақырту алған. Ал демалыс күндері қала тұрғындарынан 14 рет жылан аулау бойынша хабарлама түскен. Оның ішінде 7 шақырту бойынша барғанда жылан табылмады. Ал қалған 7 шақыртуда құтқарушылар жыландарды тауып, қауіпсіз аймаққа шығарды. Атап айтар болсақ: 2023 жылғы 27 мамырда «112» қызметіне сағат 19.14-да Бекетті көшесіндегі тұрғын үйге, сағат 20.36-да Қарабастау елді мекені, Қайып ата көшесіндегі тұрғын үйге, сағат 22.04-те Бекзат Саттарханов көшесіндегі тұрғын үйге, 28 мамырда сағат 9.55-те Громова көшесіндегі техникалық қызмет көрсету орталы, сағат 16.07-де Гидролизная өткеліндегі тұрғын үйге, сағат 16.55-те Жастар көшесіндегі тұрғын үйге, сағат 17.58-де Темрязова өткеліндегі тұрғын үйге, сағат 18.50-де Табынбаева көшесіндегі тұрғын үйге жылан кірді деген хабар келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына барып, арнайы құрал-саймандармен жыланды ұстады.

Құтқарушылар мекенжайларға барып, арнайы құралдар арқылы жыландарды ұстап, қауіпсіз жерге шығарып тастаған. Шымкентте бірнеше үйде жылан қаптаған. Мамыр айының басынан бері Шымкент қаласының аумағында жыланға байланысты 6 оқиға тіркелген. Осы орайда, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button