42 500 теңге төлемді алудың жаңа әдісі көрсетілді

Енді Telegram мессенджерінде 42 500 теңге төлем алуға өтініш беруге болады, – деп хабарлайды Basnews.kz.
Telegram-дағы ботқа кіру үшін мына сілтеме бойынша (https://t.me/Help42500Bot) өтіп, Start (Бастау) батырмасын басу қажет. Бот бірнеше минут ішінде жауап береді.
Бот арқылы өтінім беру рәсімі бірнеше қадамнан тұрады:
Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат үшін:
1. «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;
2. Өз ЖСН-ыңызды енгізу;
3. Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;
4. Телефоныңыздың нөмірін енгізу;
5. Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);
6. Өз өтінішіңізді растау;
7. Бұдан кейін сізге келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
a. сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
b. сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
c. сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.
Қызметкер үшін:
1. «Қызметкер» батырмасын басу;
2. Өз ЖСН-ыңызды енгізу;
3. Сіз жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;
4. Электронды поштаңыздың мекенжайын енгізу;
5. Телефоныңыздың нөмірін енгізу;
6. Банктік шотыңыздың нөмірін енгізу (IBAN);
7. Өз өтінішіңізді растау;
8. Бұдан кейін сізге келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
a. сіздің өтініміңіздің қабылданғаны туралы;
b. сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
c. сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.



