Шымкент полицейлері 1000-ға жуық мотокөлік жүргізушісін жауапқа тартты

Үшінші мегаполисте Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен автожолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында ұдайы рейдтік іс-шаралар жүргізіліп келеді.
Мәселен, тәртіп сақшылары 5 тәулік ішінде әртүрлі заң бұзушылыққа жол берген 975 мотокөлік тізгіндеушісін анықтады. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігімен мотошлем қолданбағаны үшін 187 тұлғаға хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 123 жүргізуші әкімшілік кодекстің 595-бабымен жауапкершілікке тартылды. Тыныштықты бұзғаны үшін 59 тізгіндеушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұдан бөлек, техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтін көлік құралын басқарғаны үшін – 47, техникалық қарап тексеруден өтпеген – 44, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген – 23, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаған-23, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткен -14 азамат жауапқа тартылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, жыл басынан бері мотокөлік жүргізушілерінің тарапынан орын алған 2082 құқық бұзушылық анықталып, 32 мотокөлік айыптұраққа қойылды.
Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзғандарды жауапкершілікке тартты. Бүгін де республика көлемінде «Заңсыз келуші» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осыған орай, Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері қала аумағында заңсыз көші-қон жайттарын анықтау және оның жолын кесу бағытында қарқынды қызмет атқаруда.
Нәтижесінде, шараның 5 күнінде көші-қон заңнамасын бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің; – 518-бабы 2- бөлігімен – 20 хаттама; – 519-бабы 1-бөлігімен – 20 хаттама; – 517- баптың 4-бөлігімен – 40 хаттама; – 517 -бабы 5-бөлігімен 40 хаттама ; – 517-бабы 3-бөлігімен -16 хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, Әл-Фараби АПБ-на азаматтардың жеке басын анықтау мақсатында 120 шетелдік жеткізілді. Өзге елдің бір азаматына қатысты ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігі «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын көші-қон заңнамасын бұзбауға шақырды.



