Новости

Шымкент полицейлері 1000-ға жуық мотокөлік жүргізушісін жауапқа тартты

Үшінші мегаполисте Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен автожолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында ұдайы рейдтік іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Мәселен, тәртіп сақшылары 5 тәулік ішінде әртүрлі заң бұзушылыққа жол берген 975 мотокөлік тізгіндеушісін анықтады. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігімен мотошлем қолданбағаны үшін 187 тұлғаға хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 123 жүргізуші әкімшілік кодекстің 595-бабымен жауапкершілікке тартылды. Тыныштықты бұзғаны үшін 59 тізгіндеушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұдан бөлек, техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтін көлік құралын басқарғаны үшін — 47, техникалық қарап тексеруден өтпеген — 44, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген — 23, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаған-23, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткен -14 азамат жауапқа тартылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, жыл басынан бері мотокөлік жүргізушілерінің тарапынан орын алған 2082 құқық бұзушылық анықталып, 32 мотокөлік айыптұраққа қойылды.

Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзғандарды жауапкершілікке тартты. Бүгін де республика көлемінде «Заңсыз келуші» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осыған орай, Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері қала аумағында заңсыз көші-қон жайттарын анықтау және оның жолын кесу бағытында қарқынды қызмет атқаруда.

Нәтижесінде, шараның 5 күнінде көші-қон заңнамасын бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің;  — 518-бабы 2- бөлігімен — 20 хаттама; — 519-бабы 1-бөлігімен — 20 хаттама; — 517- баптың 4-бөлігімен — 40 хаттама; — 517 -бабы 5-бөлігімен 40 хаттама ;  — 517-бабы 3-бөлігімен -16 хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, Әл-Фараби АПБ-на азаматтардың жеке басын анықтау мақсатында 120 шетелдік жеткізілді. Өзге елдің бір азаматына қатысты ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігі «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын көші-қон заңнамасын бұзбауға шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button